Posted in

ҚАРА ТҮНДІ ЖАМЫЛДЫ

Қараңғылықты пайдаланып, із суытты. ~ Қас қарайғанша мидай даланы шарлап, таспаша тіліп жүрген темір үйлерге қаскөйлікпен қарап жатқан қасқырлар сәл сиреген уақытта ғана амалын тауып, күшіктерін тістелеген бойы қара түнді жамылып қашып кетті. С.Жүн. ~ Жауын астында қара түнді жамылып, жалғыздықтан құлазыған Дика артынан іздеп шыққан Ақбөпені көргенде, мұңын шаққан сәби балаша кемсеңдеп, мүлдем босап кетті. С.Жүн.