Posted in

ҚАРА ТҮНДІ ҚАҚ ЖАРДЫ

Қараңғы түнде тосыннан шыққан дыбыс, дауыс, жарқ ете қалған сәуле туралы. ~ Танауы жыбырлап, қиғаш көзі мөлдіреп қара түнді қақ жарған жарыққа жас балаша таңырқайды. Т.Ахт. ~ Міне, сондай көп үйлі, көп ауылдардың Тұщыкөл айналасына қоршай қонған топтарының барлығына Құлжатай мен Еңсебай ауыздарынан жаңа, қара түнді қақ жара, үркіте шыққан сұмдық айғай жеткен. М.Әу. ~ Қара түнді қақ жарған ащы дауыс алуға келген қара жүректің жүрегін жібіте алмады. С.Бег.