Posted in

ҚАРА ТҰЯҚТАН (ТҰЯҒЫМНАН) ХАЛ КЕТКЕНШЕ

Бойда қауқар барда д.м. * – Балаларыңызды тапсырғаныңыз жөн. Бәйдекең сияқты ардагер ағалардың әулетіне қараспағанда кімге қарасамыз?! – деді Боранқұл іркілместен, – қара тұяқтан хал кеткенше оларға көмектесуді парызым деп білемін. Ғ.Біл. * Бұл үмітінен қара тұяғынан хал кеткенше бас тартпайтыны аян… Е.Мұх. * Әліп өлсе, мен бармын. Қара тұяғымнан хал кеткенше жетімдік көрсетпеспін, тоқтау қыл, сабыр ет, балам! Ғ.Біл. * Енді тұяқтан хал кеткенше ана мен баланы қаталатпауды ойлаған Очирбат, ең соңғы аз судан жігіттерге тарттыруды мүлде қойды. Е.Мұх. * Ондағы ойы — халық әлі де болса асаулық танытып, мінез көрсете ме, жоқ әлде қара тұяқтан хал кетіп болдырған жылқыдай, кессең — міне, басым деп, арқасын тосып тұра бере ме, соны сынап көрмек еді. Қ.Жұм.