Топтың алдына шығып, озып кетті; артта қалдырды; алыстап. көрінбей кетті. * Мұжық
арасында тап тартысын жүргізу мүмкін болса, қазаққа да мүмкін: шаруа-кәсіп жөнінен
екеуінің пәлендей айырмасы жоқ. Мәдениет жөнінен де мұжық қара үзген жоқ. Біздің
айырмамыз тек рушылдықта. Ж.Айм. ~ Түйдегімен үшеу-төртеуі тағы жетті. Бірін бір, екісін
екі сілтеп қалдым, мұрттай ұшты. Тайқып соға берді. Енді құтылдым ғой деп, қара үзе
бергенде, қарсы алдымнан бір жарлауыт килігер ме? Ж.Айм. ~ Шөп басын дірдектетіп
ызғырық жел тұрыпты. Балаға суық тигізіп алмаса жарар еді. Құндақ құшақтаған кемпірі
көш жерде қапты. Ауылдан қара үзіп шығыпты ғой. Осы да жетер. Ә.Кек. * Қайыпберді өзі
елден қара үзіп кеткелі бергі өткен-кеткен жаңалықтарды сұрап отырады. О.Сәрс. * Таудың
көлеңкесімен астасып қара-қожыр қарауытқан қалың бейіттен тезірек қара үзуге асық.
Т.Сәук. ~ Бәлкiм, өткен уақыт мен үшiн ғана шолақ жiптiң үзiгiндей тым қысқа, қара үзген
жүйрiктей ұшқыр шығар, ал жас әйел – сылаң қаққан сұлу келiншектерге ұзақ ғұмырдың
тұтас, таусылмайтын бөлiгiндей сезiлер. Ж.Шағ.
