ҚАРА ШАҢЫРАҚӘулеттің үлкен үйі, атадан балаға мұра болып қалатын үлкен шаңырақ. . ~ Ағайынды кісілер енші алысқанда, шаңырақ, яғни ата-ананың тұрған үйі кіші ұлына тиеді де, ол «үлкен үй» аталады. … «Үлкен үй»—«Қара шаңырақ» деген ұғымдар күні бүгінге дейін сақталып келеді. С.Мұқ. ~ Ол отырған осы қара шаңырақ бүгінгі қаралы қалпында сол бір таза, ғазиз, бөлек жанды қатты ойлатады. М.Әу. ~ Шырағым, – деді Оразбикеге қарап төрдегі ши барқыт шапан киген шал, – қара шаңыраққа келген екенсің, алдыңнан жарылқасын. Қ.Най.
