Қайтпас қайратты, қайсар адам туралы. – Япыр-ай, тіліңіз тотяйын-ау, Тәке. Қандай тауып айттыңыз… Қарағайдың қарсы біткен бұтағы едіңіз, өзгермепсіз дәу шалым. Сізге дауа жоқ,– деді қарнын басып. О.Бөк. ~ Бұл да менің, қарағайдың қарсы біткен бұтағындай, елден ерек бір болмысым шығар» деп өз тағдырына біржола мойын сұнған– ды. Қ.Жұм. ~ Қазір өмірдің бетіне тік қарағандардың заманы. Қарағайдың қарсы біткен бұтағы болмасаң, бөксе басты жалтақ күй кешесің. О.Бөк.
