Біреуге жорта таң қалу. ~ Төгілді көзден жасы көрген жанның, Шолағын қарай гөр деп бұ жалғанның. Жиналған көп қауымға қарап тұрып, Қоштасқан сөзі мынау Қалқаманның. Шәк. ~ Қызық болғанда… мектептен бірге шығып, үйге бірге қайтайықшы деп, сонша жалынғаны. — Қарай гөр, немене, сенсіз жалғыз жүрсе қасқыр жей ме?! Қ.Жиен. ~ «Дұры- ес… Беу, күлiмсi иiсi кеңсiрiкке жат болғанмен, бiлдiртпей ғана лазымды ұйқыға шақырып, әбжыландай тоқтаусыз ысылдауын қарашы- ей. Үздiксiз ысылдаған үннiң құлаққа жағымдысын қарай гөрi! .. Ж.Шағ. ~ Хадиша қолына бірдеңе жұғып қалғандай, алақанын бір-біріне үйкелеп тұрып: – Қарай гөр өзін – төбет екен, – деді. – Дүбәра ма, қалай? Жоқ, тазы-тазы… Ш.Мұр.
