Түн қараңғысын пайдаланып, іске кірісті. * Қалыңдық қараңғыны жамылып, ар ұялар іске, жүзін ғана ұялтып, өзі басып келе жатқан сияқты. Абай осы күйдің бәріне енді ыза болып, не қылсаң о қыл дегендей тек жатты. М.Әу. * Барлық болыстардың билері мен олар жатқан үйлерінің маңында, іргесінде әрбір өткен түн сайын қараңғыны жамылып, қалың сөз тартыстар жүреді. М.Әу. * «Бәлкім, мені іздеген қуғыншы болар деп ойладым тісімді басып. Қараңғыны жамылып, таяп келіп қарасам ер-тоқымын шынтақтап, ет қақтап отырған жалғыз адам екен. Ж.Сәм. * Суылдаған жүрегiмдi сипалап, көңiлiмдi жұбатсам да сергiмедiм. Қараңғы түндi жамылып, үйге қайттым. Т.Жұрт.
