Posted in

ҚАРАУЛЫҚ ЖАСАДЫ

Арамдыққа барды. ~ Сирағының ұзындығын тізесінен байқады. Иегіне жетеді екен. Қымсынған боп етегін созып еді, ақ тор көйлек қараулық жасады. Қ.Ысқ. ~ Арғынның жиені Саян батырды олжаға қараулық жасады деп оған Қыпшақ Қобыландының
өлім жазасын сұрауы, Саянға ажал үйірмей, керісінше, арғын Дайырқожа бидің түбіне жетті. Ә.Ыб. ~ Амалдап билік басында жүретін түрлі топтағы жат пиғылды, өзінің қарақан басын ғана күйттейтін, мінезі менмен, қарапайым халыққа қараулық жасайтын, арам ниетті парақорлар мен жалақорлар қашан да елдікке шіркеу түсіретін жаман атты адамдар. Р.Кар.