Әлдебір тығыз шаруаның қамымен әлек болу, асығыс-үсігіс істелген шаруа барысында. * Құландыдағы аз ғана жатақ ауылы бұл күнде молайып, қара-құра көбейген үлкен қарбалас үстінде. О.Бөк. * Осы қарбалас үстінде күдірейген шүйдесіне, жылтыраған төбесіне көз тоқтатып едім, есіме сап ете түсті: бəсе, Досекең – менің бір көрген адамым. З.Қаб. * Сөйтіп, Демежандар келгенде, қала ұлықтары қатты қарбалас үстінде еді. Қ.Жұм.
