Posted in

ҚАРҒА ТҰМСЫҚ

Ұсқынсыз ұзын, үсті дөңес, ұшы үшкір мұрынға қатысты. ~ Мен безіндім күйкі-күйбең тұрмыстан, Қуды мені қарға тұмсық бір мыстан. С.Сағ. * Келер жылы көк вагонға тағы бір қарға тұмсық келіп қонақтады. Артынан қатын- баласы ере келді. Ү.Жәл. ~Қалқан құлақ, қалтақ бас, қарға тұмсық қалбағай қазы есіктен аттай берді. О.Сәрс. ~ Бір күні Ғаббас серіктерін ертіп келе жатып, тоған басында отырған қазық аяқ, қарға тұмсық кемпірге кездеседі. ҚЕ. “Жетім Ғаббас”.