Posted in

ҚАРҒЫСҚА ҚАЛДЫ

Біреу лағнет айтты, қарғады. ~ Бір күні Айсұлу түс көріпті. Түсінде жылан баласы өзінің қойнында жатқан екен: «Шеше, мен үшін мұнша қайрат шеккеніңіз не? Мені қарғыс атқан. Сондықтан жыланға айналып, туылып отырмын» депті баласы. «Қандай қарғысқа қалып едің?» — деп сұрапты Айсұлу. ҚЕ. ~ Ол –  онсыз  да  өлімге  басын  тіккен  жан.  Менен  өзге  де өлтіргіштер  табылар.  Өлтірер,  киелі  қарғысқа  да  қалар. Ш.Рахм. ~ – Сені өз елің, өз ұрпағың қарғайтын болады. Сен қарғысқа қаласың! Қарғыс арқалап өлесің! Мен елімнің ертеңі мен амандығы үшін қартайған шағымда да ат үстінен түспей жүрмін! М.Рам.