Posted in

ҚАРҒЫСҚА ҰШЫРАДЫ

Біреудің қарғысы тиіп, киесі ұрды. ~ Қарақалпақтар Нұртай! Үргеніштегі Нұртай… Ақтұлпардың ізін шығарып келген… Тағы да есіне Бостан түсті. Бостанның жазым болғанына енді шәк келтірген жоқ. Кеше оған қатты наза болғанына өкінді. Қап, қарғысқа ұшырады-ау… З.Шүк. ~ Мұның бәрі диқан атаның қарғысына ұшырағаннан. Егінді таптап, шөпті рәсуа еткен малға Алла Тағала жаппай жамандық әкеледі. Б.Мом. ~ Біразға дейін оның зарлы мақамы күдікшіл көңілінде жаңғырығып хақ тағаланың қарғысына ұшырағалы тұрған бейбақтай пұшайман күйге түсірумен болды. А.Смай. ~ Үстемсимін деп әшкере болған өзімшіл Бүйі індікешті сағалап бұқпантайлап жүретін әдет шығарыпты. Зәрі денесіне көбірек жиылса, өліп қалатын көрінеді. Қарғысқа ұшыраған оңай ма?! Ө.Кәр. ~ Сағат жетіп, күн өтіп, Күнәлы жастық тұрмыста, Дар күткендей дір етіп, Ұшырадым қарғысқа. Т.Жар.