Posted in

ҚАРМАҚ ҚҰРДЫ (САЛДЫ)

Біреуге қақпан салды, тосқауыл жасады; жолын кесті. ~ «Бауырым, деп ойбайлап! Қармақ құрған қамалдың, Бұл жағынан шапқаннан, О жағына бір өтті, Ар жағынан шапқаннан, Бер жағына бір өтті. А.Байт. (“Ер Сайын”) ~ Сырласқан шырмау сөзбен құрды қармақ. Ж.Ө.

ҚАРМАҚ САЛДЫ

Әлдебір іске ынтамен берілді; жолына түсті. ~ Ғылымға таман қайтқандай. Жыбырлатып тартқандай, Білімге салып тілекті, Сыбанып едім білекті, Қармақ салып шабаша. Шәк.