Posted in

ҚАРМАҚҚА ШАНШАР (ШАНШЫМ) ЕТІ ҚАЛМАДЫ (ЖОҚ)

Өте арық, жүдеу, көтерем; қатты арып кетті. ~ Ғабдолда қармаққа шаншар ет қалмады. З.Иманб. ~ Бip құлдыраған адамның сергуі қиын болады екен. Сашаның осы күнгі, көктем таяп қалған кездегі, халі тіптен аянышты. Қармаққа шаншыр ет қалмаған. Бет жүзіне тіке қарау біртүрлі қорқынышты, көзі өлген малдың көзіндей нұрсыз. Б.Соқ. ~ Біз топырлап бараққа кіріп келгенімізде жыртылған сұр шекпендерін солбырайтып он шақты адам алдымыздан шықты. Бірінде адам тәрізді өң жоқ. Беттерінде, бар денелерінде қармаққа шаншым ет қалмаған. Сүйектеріне терілері жабысып кеуіп қалған. С.Сей.