Тым алыс, шеткері, адам түгіл аң жүрмейтін мекен. ~ Қай мезгілде тойғыздың Аюдайын ағасын, Қатыны мен қалашын? Қарсақ жортпас қара адыр, Қарамай неге шабасың? Абай. ~ Шын бақытты арғы жұрттан біржола безіп, бергі жұрттың қалың ортасына сия алмай, жан сақтау, қайткенде де тіршілік нәрін үзбеу амалына түскен… сол амалдың іске асуына септескен кең даладан — құс ұшпас, қарсақ жортпас, сусыз, тұлдырсыз Бетпақтың шөлінен тауыппын. М.Мағ.
