Posted in

ҚАРША БОРАДЫ (ҚАРША БОРАТТЫ)

Жауып кетті; бас көтертпеді. * Жау бекінісіне таяған сайын оқ қарша борады. Т.Сәу. * «Мiне, әспеттеп төбемiзге көтерген Ақынның сиқы осындай» деп, өтiрiктi шындай, шынды құдай ұрғандай ғып жазылған домалақ арыздар мен «дәлел» ретiнде түсiрiлген суреттер Орталық комитетке қарша борады. Т.Сәу.

Үсті-үстіне бастырмалатып, жаудырды. * Пілдердің ара-арасындағы тас атқыштарды қолға түсіріп ап, алып хайуандарға қақ маңдайларына ат басындай ауыр тастарды қарша боратты. Ә.Кек. * Қайдағы бір замандастары жайлы, олардың жаңғалақ мінездері мен бозбалалық әрекеттері, олардан өзінің көрген азары, өзінен олардың көрген қорлықтары тәрізді адам сеніп болмайтын бір хикаяларды қарша боратты. Т.Әбд. * Қалың нөпір, шаршы топ кезіксе, табанда ағылған ақпалықпен өлеңді қарша борататын. И.Байз.