Posted in

ҚАРЫҒЫ АШЫЛМАҒАН

Қиындықтан көзі ашылмаған. ~ – Мені десең… Мына қарығы ашылмаған өлмелі шешең ажалынан бұрын кетпесін десең жібер мына жау алғырды. Жүгенін сыпыр да жібер… Шыққан ақшаң садақа болсын… – деді де булығып одан ары сөйлей алмай қалды. Қ.Мүб. ~ Менің де өмір бойы бір қарығым ашылмаған бейбақпын… екі жындыны отыз жыл бағып ем… енді біреу тағы қосылайын деп жатыр… Қ.Мүб.