Posted in

ҚАРЫҒЫ ТАРҚАДЫ (БАСЫЛДЫ)

Екпіні басылды, алқынуы тиылып, көңілі жай тапты. * Патша ел-жұртын жиып, тағына мініп: — Халқым, менің көздің ашуы, көңілімнің қарығы тарқады. Маған кешегі көп құланды айдап келіп, қырып беріңдер…- ҚЕ. “Бабалар сөзі.” ~ Ақырын Құдай оңдасын, Қу жаннан басқа не қалды?! Кейінде бар жалғыз тай, Біріне-бірі сайма-сай. Қарығымыз тарқар ма, Неліктен болдық сормаңдай. БС “Үркін – Қарқын”. ~ Осындай сұрапыл қимылдан ес таппаған асау қиғылығы біртіндеп тарқайды да, ендігі ары құр сүлкілдеп басы ауған жаққа қарап желіске салады. Әрі-бері тулап көреді де қарығы тарқайды. С.Ерәд.~ Шіркіннің ерін-ай, — деді біреуі оны кекетіп. – Ана жігіттің қарығы басылғандай болды. С.Мұқ.