Жалпаң қағып, қасынан кетпей қойды, кенедей жабысып айрылмады. ~ Оның алдында әкем қарынға жабысқан талақтай боп, қайда көшсек те қасымыздан қалмай жүрген Қайрақбайды, әлде не сылтаумен, алысырақ жерге қонған біреуге жұмсап жіберді. С.Мұқ. ~ …Жемтік іздеген Қара құс — Тас төбемде Шүйіліп жүр… Әне бір бұлт Қарынға жабысқан Қара талақтай боп Түйіліп тұр. Т.Мед. ~ Неге … осыларға , қарынға жабысқан талақтай, айырылмайды? ( басында, мүлдем , аяғына дейін тыңдауға ұялатынмың, бара бара ,үйреніп келем бе , тыңдамақ түгіл, міне желіге ” мәдениеттерін” таратып келем). БАҚ.
