Posted in

ҚАРЫС ЖЕР (ҚАДАМ) МҰҢ (БОЛДЫ)

Аяғын аттап басу қиынға түсті. ~ Ол кезде қарыс жер мұң еді. Поезды 5-10 күндей күту үйреншікті болатын. К.Қаз. ~ Байғұс демей, не дейін? Ғұмыры тарлық, жоқтық көрмеген шешем әкем кеткен соң күрт түсті кетті. Қарыс жер — мұң, қағылмаған
шеге — қайғы дегеннің бәрі келді. К.Қаз. ~ Оған орай тиген қамшы сол жақ көзін жаралап, оң көзінің қарашығын түп қотара ағызып түсіріпті. Сөйтіп ол қарыс қадамы мұң болып қорадан шыға алмай қалды. С.Ғабб.