Аттап баспады. ~ Дүкенге кірісімен аялдаған жерінен Қуан қарыс қадам аттамаған еді. М.Сүн. ~ Бұрын қарыс қадам аттап баспаған жері. С.Жүн ~ Ілгері басқан аяғы кері кетеді. Жау жаққа қарыс қадам басқысы жоқ. Бірақ, амал не? С.Дос. ~ Бауырын сызған сере қардан ықтырмадан қарыс қадам ұзай алмай, қой баласы шуласты. Ү.Жәл. ~ Бұл міне, тұсаулы аттай кібіртіктеп, қарыс қадам жерді аттау мұң болып,өрісі тарылып, терезеден телміріп тұрысы мынау. Ү.Жәл.
