Posted in

ҚАС (ҺАС) ЖАМАН

Нағыз оңбаған адам.~ Алаш емес, ағайын. Ағайын арасына жік түссе қас жаман сына қағар, қамқор азамат дәнекер болар. Ғ.Мұст. ~ Қараман біліп бұларды: «Қас жаманы жігіттің Жолдасын ерген қарақтар, Қойыңдар!»,— деп бұйырды. ҚҚҚ. ~ Менің баламның жылағаны оларға не керек? Жақыптың аруағы ырза болмай, күңіренгені не керек? Қу құлқынын ырза қылса — болады. Мінекей, «Һас жаман қасындағысын қарақтайды» — деген осы. Көрер көзге моп-момын, мүп-мүләйім боп жүрсе де, ол мылжыңның іші осындай. М.Әу.