Ымырт үйірілген мезгіл. ~ Қуғыншылар қиқулап шауып өтіп жатыр. Біраздан соң қас қарайды. Б.Тоғ. ~ Ымырт үйіріліп, қас қарайса болды, сулы- сылпың кешкі асын іше салып, тас бүркеніп жатып қалар ауылдағы ағайынды сағынасың. О.Бөк. ~ Поезд заулап келеді, күн батып, қас қарайып та кетті. Күн суып. Поезд ыңқылдап-күрсілдеп соқыр тұмандағы қырау басқан қалың қарағайдың ішіне кіре берді. І.Жан.Кешкі уақыт; ымырт үйірілген кез. * Қас қарайған кез еді: даяршы жігіт жетілік лампыны жағып, қайыңның безінен нақыстап істеген үш сирақты күрсіге орнатып, ортаға қойды. Ж.Айм.
