Posted in

ҚАС ҚЫЛҒАНДАЙ (ҚЫЛҒАНДА)

Қырсық тигенде; әдейі істегендей. ~ Қас қылғандай, тап осы шақта тұңғиық қара түнектің бүкіл дүниені қаусырып алғанын қарашы. Б.Ыбырай. * Қолындағы қоржынының қайда ұшып кеткенін білмей қалды. Қас қылғандай, алшақ тұрған екі орындықтың арасына тап болыпты. Т.Әлімқ. * Көл ернеуіндегі жынысқа әп-сәтте сіңіп, жоқ болып кетісті. Қас қылғандай күзгі аспан шаңқай ашық еді бүгін. О.Бөк. * Ол құдық басына соқпастан қиястап өтiп кетпекшi болып едi, қас қылғандайқарсы алдынан Қыжым жаланып шыға келдi де‚ әй-шәйға қаратпастан бұған тарпа бассалды. Б.Алд.

  • Ауылдан келетін жан көкешінің хабарын әкеле ме дейді. Бәлкім, көкесі хатты ауылға салып жүрген шығар?! Бірақ, қас қылғандай соңғы күндері бір жан қатынамай-ақ қойған. Н.Сер * Дереу есiн жиып, ыржалақтап, өзiне үрке қараған ешкiсiне ұмтылды. Қас қылғанда, басжiп тас боп, шиелiнiсiп қапты. Б.Алд. * Судыр Ахмет атын іздеп қайтпақ боп ауылдан ұзап шыға бергенде, қас қылғандай аяғына шөңге кірді де, үзеңгісін сүйретіп үйге жетті. Ә.Нұрп.