Posted in

ҚАС ПЕН КӨЗДІҢ (ҚАБАҚ) АРАСЫНДА

Ә дегенше; заматта. ~ Ораза ашардан айырылып қас пен көздің арасында шоңқайдық та қалдық. Ж.Айм. ~ Ал теңіз жарықтық сол кесапаттың барлығын қас пен көздің арасында сылып алушы еді ғой. Қайтіп шыдарсың. Қ.Жиенб. ~ – «Япыр-ай, а, бұл кісі қас пен көздің арасында неден сескеніп аунап түсті», – соңғы сөзді ішінен айтты. О.Бөк. ~ Ресторанда аталмыш шарап жоқ боп шықты. Елеусіз байғұстың қасқалдақтың қанында іздеп тапқан шарабы қас пен қабақтың арасында қайдан табыла қойсын. Т.Әл.