Бұрыннан қалыптасқан, ескі, шындыққа жанаса бермейтін пікір. ~ Дінге қасаң көзқараста тәрбиеленіп, қожа-молда дегенге келекелей қарайтын бейкүнә балалығым ба екен… С.Ақт. ~ «Қазақ актерлері сендіріп ойнай алмайды», «қазақстандық режиссерлердің киносы түкке тұрғысыз» деген қасаң көзқарастың күлін көкке ұшырған. БАҚ. ~ Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес. БАҚ. ~ Ұзын құлаққа қарағанда, актерлық мектепте қабылдайтын сарапшы ағайындар, iшiнде жаңағыдай сахнаның сарабдал «шеберлерi» бар, қалыптасып кеткен қасаң түсiнiкке бой алдырғаны соншалық, көрiктi қыз-жiгiттер болса, «таза қанды қазақ емес, типтiк түрге келмейдi» деп шет қақпайлайды-мыс. Т.Сәу.
