Жалмаңдаған сұғанақтық хақында. ~ Қасапшының итіндей жалаңдаған жендеттер шалды ортаға алып, буындырып өлтіріп, ортасынан екі бөліп, қапқа салып, есегіне теңдеп жіберіпті. Қаз. ерт. ~ Салғыласып сайтанмен таласпадым, «Кет, пәлекет!» деп іштей аластадым. Қасапшының итіндей жалаңдаған Жағымпазды көрсем де жақ ашпадым. Көпен Әмір. ~ Едірейген қара мұрты бар, таңқы мұрын тілмаш, ұлықтың қасынан алыстау отыр. Қасапшының итіндей жалақ қағады. Т.Рыс.
