ҚАСҚЫР ТАРТТЫ Ит-құстың малды талауы. ~ Қазақтың «жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме – бөрік астында» дегені жандықтар тұрмысына дөп келеді. Масаны көлбақа жейді, көлбақаны көкқұтан жейді, көкқұтанды адам атып алады. Қойды қасқыр тартады, қасқырды арыстан сияқты күшті аң өлтіреді, арыстанды адам ұстап алады, адамды қара құрт шағып өлтіреді. А.Байт. ~ Ақ шабақтың шабынан қасқыр тартып, Қанын жуатын жерге қашып келді. М.-Ж.Көп.
