Едірейген, қанталаған көздер. ~ – Әй, оның қолынан келер ме екен? Оның бір сенген адамы Мақыштар еді, олармен әнеугі екі бие туралы шайырғал болып қалды десіп еді ғой. Біреуге сенбей ондай көті былғаныш адам іс қыла алмаса керек, – деп қасқыр көзді көне адам тағы бастырмады. Ж.Айм. ~ Өткеніңе түңілесің. Алдыңа қарап, сабыр етіп, тоқтайсың, – деді. – Сен осы бір қатерге басыңды байлап жүргеннен саумысың? Егделеп қалған Жарылқасын, Жолдыбайдың қанталаған іспетті қасқыр көздеріне күдіктене қарады. Т.Рыс. ~ Ой, пірім-ай! Қырым етсіз ұзын бас Кез жарым-ау! Оңайлықпен қызынбас. Кең кеңсірік, Талыс танау, Қасқыр көз Анау-мынау дүмпуіңнен бұзылмас. С.Смат.
