Есі шыға дүрлігу хақында. ~ Есенейдің бұндай даярлығын көргендер: – Хан тұқымына қасқырдан үріккен жылқыдай қараушы еді, мұнысы қалай, күрт түсіп?! – деп қайран қалысты. С.Мұқан. ~ Қазір ол «революция» былай тұрсын, «социализм» дегеннен қасқырдан үріккен жылқыдай қашады. БАҚ. ~ Балалар шу ете қалады. Қасқырдан үріккен жылқыша, жұмыла шырқырап, тағы шулайды. А.Байт.
