ҚАСЫҚТАЙ ҚАН, ШЫБЫНДАЙ ЖАН Кеудедегі жан, тірлік көзі. ~ Соғыс кезінде елде болып, еңбек майданында біздің жеңісімізді шыңдаған адамдарды да ардақтаймын. Халық үшін қасықтай қанын, шыбындай жанын аямай қызмет еткен жандардың бәрі аяулы. Ә.Нұрш. ~ Жанымды қиыңыздар. Қасықтай қаным, шыбындай жанымды аман алып қалсаңыздар Аллаһтың әміріне бойұсынып, періштелердің құлы болайын, – деп жыладым. Ж.Шәк.
