Бір-біріне сай, теңдес, қатарлас д.м. * Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара көлге қонып салқындаған. А.Байт. * Сіз мені баурадыңыз! Түстікке қатар ұшқан қоңыр қаздай. Жүректі жауладыңыз! Жаудан беті қайтпайтын жеңімпаздай Шалғынында көңілдің аунадыңыз. Н. Бердіқожа. (БАҚ) ~ Аспанға ақиықтай қатар ұшқан Шақырып бір-бірінің аты алыстан, Шебердей өрнек тоқып, тізелесіп Өлеңмен қысы-жазы хат алысқан. Ғ.Қайыр. ~ Өмiр өзi арқамызға жүк салып, Бәрiмiздi қияларға жұмсады. Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз, Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық. Т.Молд. ~ Жаңа өмірдің есігін ашып, табалдырығын аттағалы тұрған бұл екі жасқа тілейтініміз: қатар ұшқан аққудай жұптарың жазылмай, әрдайым бірге болыңдар. Шаңырақтарын биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын. Бақытты болыңдар! БАҚ.
