Posted in

ҚАТЫНЫ ҰЛ ТАПҚАНДАЙ

Мәз бола қуану туралы. * Ол ендi өкшесiмен жер тiреп тоқтаймын дегенiнде‚ көлденең жатқан көк тасқасүрiнiп кетiп, суға сүңгитiн кiсiше, қос қолын алдына қарай соза етпеттей кеп құлады.Төребай қатыны ұл тапқандай тарқылдады:— Өй, мәледес! Ха-ха-ха-ха! Б.Алд. * Арттарыңнан қуғыншы болмайды, мен Қосағаштанбыз деп беттерін теріс-қағыс бұрып кеттім, ауылға бұрын жетсем, ағайындардан сүйінші сұрап дүрліктіре берем, — деп қатыны ұл тапқандай қуанып кетті. Қ.Ысқ.