Posted in

ҚАТЫНЫНЫҢ ҚОЙНЫНА БАРҒАНДАЙ (ӨШІКТІ)

Қас жауындай кектенді. * Құлашаның «ғұламалығы» ол шақта жүрегін май басқан Омарға жындының сандырағындай естілген әрі өлердей жек көріп, бес бересі, алты аласысы болмаса да суқаны сүймеп еді. Қатынының қойнына барғандай өшігіп, бұл ауылға жолатпай қуған. О.Бөк. ~ Ойлаудың өзі қорқынышты. Қиын. Кезінде талантты адамдарды лауазымды адамдардың қатынының қойнына барғандай қуғындағаны да рас. Сол тұста Жәнібеков ту көтеріп шыққан. Қ.Сәрс.