Posted in

ҚАУІП ИЛЕДІ (ОЙЛАДЫ)

ҚАУІП ИЛЕДІ (ОЙЛАДЫ) Сақтанды, күдіктенді, қорықты. * Ол ауылдың қыз, жiгiттi аңдитын бозбалаларынан қауiп илеп, тоқтай қап, жан-жағына бiр рет барлай қарады. Б.Алд. ~ Таласта су қанша мол болса да, даланың сусыз, қурап қалуы әбден ықтимал. Бекназар босқа қауіп илемеген екен. Түнде күн күркіреп, нажағай ойнады. Ш.Айт. * Көп асқанға – бір тосқан, ор жағалап жүріп оңбай омақаспасам қанекей!” деп қауіп ойлады. Д.Досж. * Аздап қауіп ойлады. Жатсынып, кейін шегініп бара жатып – езуіне күлкі үйірілді. Д.Амант.