Posted in

ҚАУЫЗ АШТЫ (ЖАРДЫ)

Гүл жарды, гүлдеді, өмірге қадам басты. ~ Күні кеше ғана қырда көбелек қуып, гүл теріп жүрген ол, өзі де жаңадан қауыз ашып келе жатқан жауқазындай емес пе еді? Ш.Құм. * Бәрінен қиыны — гүлдей боп қауыз ашып‚ жұпар шашып келе жатқан ұл- қызым естісе жүректері ауырып‚ көкіректері шаншиды ғой». Қ.Түм. * Ырзық тергеннің қай- қайда да бірдей екенін, күні ертең- ақ Совет өкіметінің жасыл жайлау, кең төскей боп көктей қаулап, қауыз ашарын білмегені шығар… О.Бөк. ~ Қайран өмір қауыз жарып, гүл жайнаған жас сұлудай, Бал-шырыны таусылған соң ұсынады ащыны удай. Н.Айт.~ Іштей сезем: ол жылда алысқа кеткенде жаңа қауыз жарған балапанын айдаһар жұтып, зар қылатын сорлы ана! С.Нұғ.