Posted in

ҚАУЫЗЫ ЖАРЫЛМАҒАН

Гүлдемеген, өсіп-жетілмеген, пәктігі бұзылмаған. ~ Бүршік атқанымен әлі қауызы жарылмаған өзі сұлу, үркек жастың
талдырмаш тәнін дәл сол жұпар иістей, жұмбақ қорқақтығы үшін жан қызығындай еншілеген. Ж.Ахм. ~ Жүрегим жүреді ылғи
сені ансап, сүйгенің бар екенін білгенімде, қауызы жарылмаған гүлдей солдым. БАҚ ~ Кімім бар осыдан басқа? Екі баласын
шырылдатып, әйелін жылатып, мен үшін екіге жарылып жүр емес пе? Бекбол емес пе, тұңғыш бетімді ашқан? Ол болмаса,
қауызым жарылмай, тұл кетер ме едім!? Кім біледі! Сол байы құрғыр жолықпай ма!? Ж.Әбд-а.