Posted in

ҚАШҚАЛЫ ТҰРҒАН ҚОЯНҒА “ТӘЙТ” ДЕГЕН СОҢ НЕ СОРЫМ (НЕ ЖОРЫҚ)

Жығылғанға жұдырық сілтеудің не қажеті бар д.м. ~ Қане, бұдан кейін, көзі соқыр, көкірегі бітеу адамдарға Совет өкіметінің жақсылығын айтып түсіндіріп көр, ер болсаң. «Қашқалы тұрған қоянға тәйт деген соң не сорым». Б.Қыд. ~ Кеңес кезінде «ішпейтін ақын болмайды» деген тұрпайылау түсінік болған-ды. «Қашқалы тұрған қоянға, тәйт дегесін не жорық» дегендей, ақындық асаулық ақылдың құрығына бас ілдірмей кеткен мысалдар қазақ поэзиясында ғана емес еді. Еліктегіштік қасиет ерімізден әлі де түспей,таралғыға таласып, құйысқанға қыстырылып келеді. Ө.Орал.