Түгін қалдырмады; түгел жалмады. * Қаракөктің тұқымы есептелетін сорпа бетіне шығарларды қидай сыпыра бастаған. Ж.Шәк. * Күш алған өртке не дауа, қызыл жалын жолында не кездессе, бәрін қидай сыпырып жалап-жұқтап, тіке өрге салды, беткей-беткейдегі эфиоптың шашындай тобылғы мен бытқыл бұталарға жаудай тиді. М.Қаб. * Он сегіз бен отыз екінің арасын қидай сыпырып, немістер мен орыстар арасындағы жемтік таласта шыжаққа түсіп, шыжық болуға бұйырған. Ғ.Біл.* Біздің байғыз көз бастығымыз бағана бәрімізді қидай сыпыртып жинап алды да: “Сөз қысқа! Ертең сайлауда “Ошақ” партиямыздың кәндидатына дауыс беріңдер! Кім бермейді, ол жұмыстан қуылады! Всө! Тараңдар!” деді. Ғ.Қаб.* Таңертең ертіп бармағаныма өкіндім. Мына түрімен ана балық деп ауыздарының суы құрығандардың қалтасын қидай сыпырар еді. Т.Сәу.
