ҚИҚУ САЛДЫ (ҚИҚУҒА БАСТЫ) Ұрандатты, айғайға басты, төңіректі шулатты. ~ Орданың одыраң əскері қиқуды салып, бөріктерін аспанға атып, садақпен көздеп, арынды аттары ауыздықпен алысып, Самарқанға саусылдап кіріп келгенде, шатырларының алдында бетіне қара салған, сымбатты бөтен əйелдер ұшырады. Ж.Айм. ~ Табанды тілгіледі тастар қатты. Қарқылдап қиқу салып қарға-құзғын, Жалпылдап жүрегімді шоқып жатты. М.Жұм. ~ Сонан әбден жақындап, екі – үш арқан бойындай ғана жер қалғанда қиқуды салып, ағашты қағыстырып сатырлатып келіп, тиіп кеп кеттік. М.Әу. ~ Қаpa жігіт ешқайсысына қараған жоқ. Қара жорға қарсы алдыңнан өткен сайын, тымағын басынан асыра былғап, қиқу салып қалып тұрды. М.Дәул. ~ Әрі іздер, бері іздер – таба алмаған соң қиқу салып қуғынға шығуы сөзсіз. Б.Тоғ. ~ Әлекедей жаланып, аруақтарын шақыра қиқуға басқан наймандар әп дегеннен қарсыластарын қойға шапқан қасқырдай дүрліктіріп, алғы шептерін бұзып-жарып, тырағайлата қырғын салды. Д.Рам.
