Оңай болмады; ауыр соқты. * Кім-кімге де бұл өнер қиын тиген. Біреуге атақ, Біреуге тиын тиген. Шын шеберлер темірден шілтер тоқып, Шын шеберлер ағаштан түйін түйген. Қ.М.-Әли. * Берді тағдыр белестерін, Тиді қиын сұрақ оған. Қалу керек емес пе еді Құлагерлер құламаған?! К.Ахмет.
