Posted in

ҚИЫР (ҚИЯ) ЖАЙЛАП, ШЕТ ҚОНДЫ

Ел жұрттан бөлек, оқшау алысты, қиянды мекен етті. ~ Тәкеңнің қиыр жайлап, шет қонып жүріп алуына осы да себеп болған шығар. Қ.Ысқ. ~ Әке-шешеміз қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретін де, айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. О.Бөк. ~ Ал мына жасы егде тартқан, өзі қиыр жайлап, шет қонып жүрген, түріне қарасаң бап– байсалды орыс адамы мынадай жанкештілікке қалай барды екен? Қ.Жұм. ~ Бұның бәрі Айғанымға да, оның балаларына да естіліп жүреді, шет-пұшпағы, қия жайлап, шет қонып жүрген Шыңғысқа да жетеді. С.Мұқ.