ҚИЯЛ (ҚИЯЛЫН) ЖҮГІРТТІ (ЖҮГІРІСІ) Көңіл көзімен елестетті. * Сейілбек айнала атырапты жіті барлап, көзі жетпеген жерге қиялын жүгіртіп, тіпті әрбір сай-саласы мен соқпағына шейін көріп алды. С.Омар. * Жаңағы көрген тәтті түсіндегі бума-бума ақшалар оның жүйрік қиялын сан-саққа жүгіртті. БАҚ.
