Posted in

ҚИЯЛ ҚУДЫ

ҚИЯЛ ҚУДЫ Арманына қол созды. ~ Періште ме әлде менің аңсағаным пенде емес, Қиял қуып, көкке шығып, самғасам да таппадым. Н.Айт. ~ Балауса шақта қиял қуып, армандап көрмеген жандар өмірде көп нəрседен құр алақан қалғанын сезе ме екен? Н.Кел. ~ Тұрғандай енді соған көзі жетіп, Қайтеді қиял қуып, сөз үдетіп. Жүргеннен жаны, сірә, жай табар ма, Ауылда Ақжан қалып, өзі кетіп. С.Тұрғ. ~ Өмiрiмде не тындырдым? Не бiтiрдiм? Қол жеткiзбес қиялды қудым, сағымның соңынан сабылдым… Ж.Шағ.