ҚИЯЛ ҚҰСЫ Алға жетелеген арман. ~ «Үш! Самға!» деп, қолтығымнан қанат бітіретін, арман нысанасына қарай алып ұшатын тәрізді. Лаула! Лаула, жігер оты! Самға, қиял құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым. Б.Соқ. ~ Далаңның той болғанда қиял құсы, Жүйріктей бабындағы жүгір, міні; Орай шап алдын, артын жиын жұрттың, Жыр қыла бүгінгіні, бұрынғыны. Шарықта шар тарапқа қиял құсы, Көңілдің көп тұрғанда күнді алғысы. Халқыңның қуанышын қанат қып қақ, Қашанда қала берер ұяң кісі. І.Жан.
