Posted in

ҚИЯН-КЕСКІ АРАЗ (АРАЗДЫҚ)

Бітіспес жаулық, текетірес. * Әншейінде қаншалық қиян-кескі араз боп жүрсе де, «Торқалы той, топырақты өлім» дегенге келгенде, араздық ұмытыла тұратын. М.Әу. * Кейін бұл Жігітек пен біздің ауылдардың құйрығын байластырғандай етіп қиян-кескі араздық жаулыққа жеткізді де, өзі қашып шығып кетті. М.Әу.