Posted in

ҚИЯН-КЕСКІ ҰРЫС (СОҒЫС, ШАЙҚАС) (БАСТАЛДЫ)

Кескілескен қантөгіс, қанды майдан. * Болашақ ұрпақ, еркін елдік жолындағы қиян-кескі ұрыстар. Үстем мерей, сән мен
салтанат… Ешқашан елес беріп, түсіме кірген емес. М.Мағ. ~ Қиян-кескі ұрыс басталды. Алмас қылыштар жарқ-жұрқ
шағылысып, найзалар шатыр-шұтыр соғылысты. Д.Рам. * Таяу күндердің бірінде тұтқиылдан тап берген Ма Буфаң
жасағымен бұл ауылдың арасында қиян-кескі ұрыс басталыпты. Ғ.Біл. * Қиян-кескі ұрыстарда жауынгердің кеудесіне
қадалған оқ бұл ауылдың да кеудесіне қадалған секілді. Т.Берд. ~ Жақын адамға деген бұрын-соңды басынан кешпеген
қорқыныш пен аяныш астарласқан сезім баланың бойын билеп бара жатты. Кино аппарат сол сарыннан танған жоқ. Әлі сол
қиян-кескі соғыс. Ш.Айт. * Жаң-тұңның еске бір мықтап сақтағаны, сол қиян-кескі соғыс тілегіне орай манжур империясы
амалсыз шара қарастыруға тап болып, ар жағынан қазақтарды, ал бергі жақтан ұйғырларды торғауытқа қарсы соғысқа
насихаттағаны. Ж.Ахм. ~ С. қаласына келдік. Қиян-кескі шайқас жалыны әлі сөнбепті. Сұрапыл соғыстың ойран-ботқа іздері
сайрап жатыр. М.Әбд.