Posted in

ҚОЖАНАСЫРДЫҢ БЕЙІТІНДЕЙ

Қисайып, қыңырайып тұрған нәрсе туралы. * …Баспа үйіне баратын автобусқа мінді. Екі иығынан жүк түскендей, өзін жеңіл сезінді — жағдай белгілі. Кетеуі кеткен өмірі келіншегі қашқасын Қожанасырдың бейітіндей түзелмеске беттепті. М.Қаб. ~ …Жолшыбай қия беткейде атам заманғы қорым бейіт Қожанасырдың бейітіндей қисайып тұр екен. М.Қаб. ~ Топқайың демекші… Туып-өскен кіндік жұртым ғой. Жүз тоқсан үйлі, сол үйлерінің өздері Қожанасырдың бейітіндей қиқы-шойқы Топқайыңның нендей қасиеті, қандай киесі бар екенін итім білсін, қос жанарымды жұмсам болды, сол қотыр-қотыр ауылым күлді-күйелеш қалпымен көш түзеп көз алдымнан өтеді дерсің… Ә.Қаңт.