Posted in

ҚОЗЫ КӨШ ЖЕР

Онша алыс емес, таяу жер. ~ Ырғызбаймен салысса, Жігітекте де қоныс аз, өріс тар. Ел ортасының өзге сөзі бір төбе болғанда. Түсіп үшін осы жай өзі бір төбе болатын. Сүйіндік айтқан Құнанбайдың қоныстарын есіне алды.  – Тіпті қозы көш жер сайын бір қоныс қой! – деді. М.Әу. ~ Жылқаман ойланып тұр. – Қазір қозы көш жерде бара жатыр ғой. Жүріп кетсек, жетер ме едік? З.Шүк. ~ Балалар ауылдан қозыкөш жер ұзағанда оқыс күн суытып, жапалақтап қар түсе бастады. М.Мағ. ~ Құдалар аулын аға-жеңгесімен бірге қозы көш жерге ұзатып салған. Ә.Кек.~ Бүгін үйіне барғанда Варвара Цветкованың қозы көш жерден алдынан шығып, көзінің көкпеңбек боп жұдырықтай болып ісіп кеткенін көргенде жүрегі ұшып, «не болды?» деп сұрары хақ. Бұл жасырып-ақ бағар «құлап қалдым… қораның қадасына соғып алдым…» тек ертең естілмей ме? С,Баяз.